Әбденнің Қызылорда облысы жұртшылығымен кездесулері басталды
Атқарылған жұмыстармен танысып, өкілдерге бірқатар тапсырма берді. Қазір штабта 5 адам жұмыс істейді. Материалдық-техникалық база толық жасақталған. Облыс бойынша 100-ге жуық волонтер тартылған. Өңірге республикалық штаб басшысы да барды. Ол волонтерлермен бірге пәтерлерді аралап, қалалықтармен кездесті. Кандидаттың сайлауалды бағдарламасын таныстырып, мүмкіндігі шектеулі жандарға ақпарат парақтарын таратты.
Маржан Бисенова, облыстық штаб жетекшісі:
- Штаб жұмысын кестеге сай жасауда. Қызылорда облысы бойынша аудандар волонтерлармен қамтамасыз етілген. Күнделікті облыс бойынша, қала бойынша әлеуметтік сұрақтар түсуде. 5-6 сұрақтан қарастырып, халыққа жауап берілуде.