Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті
Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды.
Қасым-Жомарт Тоқаев жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі. Президент оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында Мемлекет басшысы мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ дәрежелі «Достық» орденімен марапаттады.