Хабар телеарнасы

Нұрлан Әуесбаев үгіт-насихат жұмыстарымен Маңғыстауға барды

Жиында сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, «Жалпыұлттық социал-демократиялық» партиясы туралы мәлімет берді. Сайлаушылар тарапынан да оппозициялық партия өкіліне бірқатар сұрақ қойылды. Негізінен қымбатшылық, партияның жұмысы, білім саласы, мұнайшылардың зейнетке шығу жасына қатысты мәселелер қозғалды. Бұл кандидаттың сайлауалды науқаны аясында барған сегізінші аймақ. Ақтау жұртшылығымен кездесу жоспарланған.

Нұрлан Әуесбаев, ҚР Президенттігіне кандидат: 
- Біз сайлауалды бағдарламамыз бойынша Қазақстанның барлық өңірін аралап өттік. Шығыстан басқа аймақтардың бәрінде. Кездесу барысында айтылған пікірлер оның ішінде түрлі пікірлер болды. Мемлекеттің құрылымы туралы, басқа да. Бірақ маған өте ұнаған сұрақтардың бірі жергілікті жердегі мәслихат депуттарын сайлау, олардың белсенділігін қалай арттыру керегі туралы.