Сот үкімі: Хаменова 7 жылға сотталды
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың 10 желтоқсанында Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев жұмыс бабын пайдаланып 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінген болатын. 11 ай тергелген істің үкімі қалалық сотта оқылды. Алайда айыпталушы Хаменова үкіммен келіспейтіндігін айтты.
Жұмағали Тәшімов, судья:
-Хаменова Бақытгүл Қайыржанқызын ҚК 366 бабы 2 пункті 3 бөлігімен қылмысты деп танып, оған 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасын белгілеп, мелекеттік қызметтен өмір бойы аластатуға, отбасы жағдайын ескере отырып ҚК 74 бабының 1 бөлігімен жаза өтеу мерзімін 3 жылға шегеруге және Хаменованы сот залынан босатуға, сондай-ақ оны 2017 жылы 5 желтоқсанда Президент Жарлығымен марапатлған 592 нөмірлі «Құрмет» орденінен айыруға үкім шығарды.
Бақытгүл Хаменова, айыпталушы:
-Мен бұл мүлдем шешіммен келіспеймін. 11 ай бойы тар қапаста жатқанда да шындықты айтып күрестім, күресе де береміз. Адвокатыммен, қаумалаған елмен шындық шығады бәрібір аққа құдай жақ. Әлі аппелициялық сот бар, Жоғарғы сот бар бұл шындықтың жер бетіне шығатынын білемін.