Дайрабаев пен оның партияластары Атырау облысына барды
Кешен 5-6 гектар аумақты алып жатыр. Кандидат тағы Сарайшық музейіне барып, Алты Алаш тарихынан сыр шертер деректермен танысты. Көне қаланың Жайық өзені жағасындағы орнына да ат басын бұрды. Аудандағы медициналық мекеме, мектеп және мәдениет үйіне соқты. Саяси бірлестік өкілдері жергілікті шаруалармен кездесіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Жигули Дайрабаев, ҚР президенттігіне кандидат:
-Жалпы Махамбет ауданында әлеуметтік және тұрмыстық жағдайлар қолайлы шешілген. Дегенмен бұл жерде де істелетін тірлік көп. Жаңағы кесененің құрылысы желтоқсан аяғында аяқталады дейді, Сарайшықтың үлкен кесенесі бітетін болса. Бұл жерде газ бар екен, су бар екен.