Дайрабаевтың үгіт-насихат жұмыстары жалғасып жатыр
Ол Қызылжар ауданы, Қызылжар селолық округінің Чапаев ауылындағы сүт-тауар фермасына соқты. Өндіріс барысымен танысып, мамандарымен және ауыл тұрғындарымен кездесті. Ал кандидат Жигули Дайрабаевтың пен партияластары сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын Атырау облысында жүргізді. Индер ауданының тұрғындарымен жүздесті. Жергілікті агроөнеркәсіп саласын дамыту мәселелерін талқылады.
Қадіржан Арыстан, «Ауыл» партиясы облыстық филиалының төрағасы:
- Біздің облыс мұнайлы болып есептелгенімен, облыстағы 7 ауданның төртеуі ауыл шаруашылығымен айналысады. Яғни егін саласы, мал өсіреді. Мысалы, қазір біз тұрған Индер ауданы Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Бұл өңірдегі ең басты проблема су мәселесі. Жайық өзенінің деңгейі 3 есе түсті.