Хабар телеарнасы

Қарақат Әбден дауыс берді

Ол таңғы 08:30-да нөмірі 135-ші сайлау учаскесіне барып халықпен бірге өз таңдауын жасады. Үміткер мұнда ата-анасымен келіпті. Айта кетейік, бұл сайлау учаскесіне 1 мың 795 адам тіркелген. 

Қарақат Әбден, ҚР президенттігіне кандидат:
- Барлық халық өз отбасыларымен бірге еліміздің болашағына дауыс беруге дайын. Сондықтан да елдің бірлігі үшін, еліміз гүлдене берсін, әрі қарай жақсы жарқын болашаққа жол сала берейік деген үлкен үмітім бар.