Сайлау 2022: заң бұзушылықтар байқалмады
Халықаралық миссияның 9 өкілінің басым бөлігі елордадағы дауыс беру науқанын қадағалап жүр. Бірақ Ақмола өңіріне де шықпақ. Парламенттік Ассамблея мүшелері елде өтіп жатқан президенттік сайлауға көңілдері толатындарын және халықтың дауыс беру белсенділігін ерекше атап өтті.
Сергей Поспелов, ҰҚШҰ ПА жауапты хатшысы:
- Ең алдымен біз сайлау процесінің Қазақстанның заңнамасына сай өткізілуін қадағалап жүрміз. Әзірге біз заңның бұзылғанын байқаған жоқпыз. Азаматтардың дауыс беруіне ешкім кедергі жасаған жоқ.