Таразда ғасыр жасаған кейуана президент сайлауында дауыс берді
Бірақ 100 жастағы Күлия әжей сайлау учаскесіне барып дауыс беруді жөн көрген. №465-учаскеге өзі келген қарияға - камзол мен орамал жауып құрмет көрсетті. Күлия Үсенова өмір бойы ауыл шаруашылық саласында қызмет еткен. Бүгінде 6 немереден 11 шөбере сүйіп отыр. Айта кетейін, аймақта 80 жастан асқан 8 мыңнан аса тұрғын тұрады.
Күлия Үсенова, қала тұрғыны:
- Сайлаудан қалмаймын, осылай ат салысқан балаларып әкеліп тұр, осы сайлауға. Келдім, өз аяғыммен жүрмін. Аллаға шүкір, дауыс беріп отырмын. Еліміздің болашағы үшін. Халық аман болсын, ел аман болсын.