Ақтөбе облысында 5849 азамат бірінші рет дауыс беруі тиіс
Бала күнінен арбаға таңылғанына қарамастан, қоғам белсенділерінің бірі. Өнерге жаны жақын бойжеткен өткен аптада ұйымдастырылған арулар байқауына да қатысқан. Сайлауда өз таңдауын жасау үшін көшпелі жәшікке тапсырыс беріпті. Үйіне барған комиссия мүшелері саяси белсенді жасқа естелік сыйлық табыс етті.
Айсұлу Сұлтанова, қала тұрғыны:
- Ерекше көңіл-күймен ояндым. Бірінші рет таңдау жасап, дауыс бергелі тұрғандықтан толқу да бар сияқты. Ұмытылмас сезім болады деп ойлаймын. Еліміздің болашағы жарқын боп, жаңа белестерді бағындыруға тілектеспін.