Бас мүфти дауыс берді
«Бүгінгі тарихи сәт - жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін оң серпін береді деп сенемін», — деді бас мүфти.
Наурызбай қажы Тағанұлы, ҚМБД төрағасы, бас мүфти:
- Қазақ елінің азаматы ретінде өз таңдауымды жасадым. Біз ел болашағын жарқын ету жолындағы игі бастамаларды қолдаймыз және халықты бірлік пен ынтымаққа үндейміз. Тарихи сәт жоралы жұртымыздың бірлігі мен берекесі үшін оң серпін береді деп сенемін. Алла қайырлы, берекелі күнімізді көп етсін, Алла Тағала қиямет хайымға қазақ тәуелсіздігін мәңгі болуын Алла нәсіп етсін.