Байқаушылар: заң талаптарын бұзу дерегі тіркелген жоқ
Олар Қазақстандағы сайлау ашық және бәсекелі болғанын айтты. Ұлттық және халықаралық байқаушылардың бейтарап бақылауына жағдай жасалғанын, барлығы ұлттық заңнамаға сәйкес болғанын атап өтті. Ал АҚШ-тан келген халықаралық байқаушылар бұл жолы жастардың рөлі ерекше болғанына тоқталды. Қаңтардағы қақтығысты ескеріп, 35 жасқа дейінгі ел азаматтары тәуелсіздік пен қауіпсіздік ұғамдарын жете түсініп 85% белсенділіктерін көрсетті дейді. Мұхит асып келгендер 50-ге жуық сайлау учаскесіне барып, 4-еуінің жабылуына қатысқан. Шанғай ынтымақтастық ұйымының атынан келгендер Ақмола мен елордамыздағы 20-ға жуық мекен-жайда болған.
Чжан Мин, ШЫҰ Бас хатшысы:
- Біздің көрген көрініс пен Орталық сайлау комиссиясының шығарған қорытындысына сәйкес келеді. Қала тұрғындары көптеп келді. Тіпті мүгедектер де келіп өз дауыстарын беріп белсенді болды. Президенттік сайлау демократиялық әділ, еркін сайлау болғанын байқадық.
Дэниел Витт, Халықаралық салық және инвестициялық орталықтық президенті:
- 2005 жылмен салыстарғанда үлкен дамуды көріп тұрмын. Қазақстан үнемі экономикалық дамуымен және саяси реформаларымен ерекше орын алады. Бұл елде кеше демократияға тағы бір қадам басуына мүмкіндік беретін саяси науқан болды. Халық өз таңдауын жасады. Біз төрт сайлау учаскесінің қалай жабылғанын көрдік. Дауыстарды санауға кірісуіне де куә болдық.