Дәрігерлерден зардап шеккендерге өтемақы төленеді
Мәжілісте тиісті заң жобасы қаралып бірінші оқылымда мақұлданды. Бірақ бұл норма тек 2025 жылдан бастап жұмыс істейді. Жалпы мәселе қаншалықты өзекті? Бес жылда денсаулығыма зиян келді деген мазмұнда 14 мың арыз түсіпті. Соның 300-і сотқа жеткен. Қылмыстық істер акушер-гинеколог, хирург, травматолог, анестезиолог мамандарына қатысты қозғалған. Бірақ жәбірленушілердің бәрі өтемақы алды деп айта алмаймыз. Себебі елімізде ондай міндетті норма жоқ болатын.
Ажар Ғиният, ҚР Денсаулық сақтау министрі:
- Ол дәрігерді қандай да бір жауапкершіліктен алып кету емес. Дәрігерлер әрқашанда пациенттің өміріне жауапты. Егер дұрыс медициналық қызмет көрсетілмеген болса, ол қылмыстық жазасын өтейтін болады. Бұл жерде заңның пайдасын көретіндер біздің пациенттеріміз. Өзінің денсаулығын жақсартуға мүмкіндік берер еді ол алатын қаражат.