Үкіметте тау-кен металлургия кешенін дамыту мәселелері қаралды
Жалпы өткен жылдың 11 айы ішінде тау-кен металлургия кешені өндірген өнім 11,4 трлн теңге пайда әкелген. Былтыр салада құны 232 млрд теңге болатын 19 жаңа инвестициялық жоба іске асырылып, 3 жарым мың тұрақты жұмыс орны ашылды. Бүгінде аталған саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 8,5%. Яғни әлі де дамыту қажет. Сондықтан Үкімет пен бизнес қауымдастық тау-кен металлургия кешенін дамытудың өзекті мәселелерін талқылады. Премьер-министр Әлихан Смайылов саланы дамытуға қатысты кәсіпкерлердің сындарлы ұсыныстарын қолдауға дайын екенін айтты.