1 млн-нан астам қазақстандық криптовалюта саудасымен айналысады
Оның айтуынша, цифрлық майнинг – жоғары табыс әкелетін қызмет түрі. Бүгінде қазақстандық майнерлер шетелдік пулда күш біріктіріп отыр. Сондықтан олардың қызметін лицензиялап, цифрлық активтер саласындағы мемлекеттік бақылауды күшейту үшін арнайы құжат қабылдану қажет. Ол арқылы майнерлер табыс салығын төлеуге міндеттелмек. Сенаттың жалпы отырысында осы мақсатты жүзеге асыратын «Цифрлық активтер туралы» Заң мен ілеспе құжаттар қаралды. Оған түзетулер енгізілгендіктен, заң жобасы Мәжіліске қайтарылды.
Бекболат Орынбеков, ҚР Парламенті Сенатының депутаты:
- Цифрлық майнинг қызметін жарнамалауға қатысты нормаларды алып тастау қажет, өйткені олар «Жарнама туралы» Заңда және «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексте көзделген. Мұнымен қоса заң нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдерін нақтылау ұсынылды.