Сенат екі заң жобасын мақұлдады
Біріншісі, цифрлық майнингті дамыту үшін құқықтық база жасауға бағытталған. Ал ендігісі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық жабдықтар айналымындағы мәселелерді реттеуді көздейді. «Бұл өзгерістер құрал-жабдықтар тапшылығын жоюға, мүмкіндік береді»,–дейді Денсаулық сақтау министрлігі. Олардың айтуынша, бүгінде елдегі медициналық мекемелер 85% жарақтандырылған.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Парламент Сенаты Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің хатшысы:
- Негізгі бірыңғай тіркеу рәсіміне байланысты болып тұр. Осы рәсімді 25 жылдың 31 желтоқсанына дейін шегеріп, негізгі сол уақытқа дейін өзіміздің ұлттық тіркеу тәртібін жалғастыруды көздеп отыр. Негізгі мақсат – медициналық бұйымдарды Қазақстан нарығында үздіксіз қамтамасыз ету.