Respublica партиясы кандидаттар тізімін бекітті
Елордада саяси ұйымның бірінші кезектен тыс съезі өтті. Үміткерлердің есімі осы жиында жарияланды. Партиялық тізімде 25 адам бар, тағы төртеуі бір мандатты округтер бойынша ұсынылған. Жиналған партия мүшелері ұсынылған кандидаттарға дауыс берді. Күн тәрбінде қаралған тағы бір сұрақ сайлауалды бағдарламаны талқылау.
Айдарбек Ходжаназаров, Respublica партиясының төрағасы:
- Өкілдеріміздің ойын тыңдау, солардың ойын біздің бағдарламаға енгізу осы маңызды тақырыптар. Ірі-ірі сұрақтарды көтеріп, соны енгізіп осы бағдарламамен шығайын деп жатырмыз. Ең басымен адами капитал. Адами капитал–біздің елдің ең үлкен байлығы. Біріншіден, білім саласы, денсаулық саласы.