Хабар телеарнасы

Мәжіліс депутаттары Алматы метросының жаңа бағыттарының құрылысымен танысты

Мәжіліс депутаттарының бір тобы Алматы метросының жаңа бағыттарының құрылысымен танысты. Метрополитен басшысының айтуынша, жерасты жолының бір тармағы әуежайға дейін, екінші тармағы «Сайран» автобекеті, Солтүстік айналма жол арқылы Алматы-1 теміржол вокзалын байланыстырмақ. Қазір «Қалқаман» бекеті салынып жатыр. Мердігер компания жаңа бекетті 2026 жылы пайдалануға береміз деп отыр. Қаланың батысымен байланыстыратын «Барлық» станциясына дейінгі 5,3 шақырым 2030 жылға дейін аяқталмақ. Қазір осы мақсаттағы жер телімдерін мемлекеттік меншікке сатып алу жұмыстары жалғасып жатыр.

Айдос Сарым, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Бізге сөзсіз шетелдік инвестор қажет. Ол инвестор біздің мемлекеттік бюджетпен, қалалық бюджетпен біріге отырып үш көзден ақша түсіретін болса, болашақта сол станциялардың экспулатациясынан түсетін ақшадан, басқадан қайтарып алатын мүмкіндіктері бар. Сондай инвесторлар болатын болса онда метроның құрылысының да ақшасы жеңілдейді, бюджетке бірден салмақ түспейді.