Хабар телеарнасы

Алматыдағы филармонияда «Менің елім» патриоттық концерті өтті

Күмбірлеген күй мен әуелеген ән. Алматыдағы филармонияда Нұрғиса Тілендиев атындағы «Отырар сазы» академиялық фольклорлық-этнографиялық оркестрдің «Менің елім» патриоттық концерті өтті. Рәміздер күніне арналған мәдени әрі рухани іс-шара «Менің бабам - Қарасай» халық күйімен басталды. Сондай-ақ оркестрдің орындауында Тілендиевтің «Мәңгілік елім», «Махамбет поэмасы» шығармалары орындалды. Көрермен Гүлзат Дәуірбаева, Есенгелді Ырза секілді әншілердің өнерін де тамашалады. Концертте елімізге белгілі композиторлардың әндері шырқалды.