Түркістанда Орталық Азия мемлекеттерінің І Парламентаралық форумы өтіп жатыр
Форум Қазақстанның бастамасымен алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан парламентшілері мен сарапшылары қатысады. Күн тәртібінде Орталық Азия елдеріне Ортақ әр түрлі саладағы бірнеше маңызды мәселе қаралады. Атап айтқанда көптен бері еліміздің Оңтүстігіндегі 3 млн-нан астам адамды мазалап келген трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану, экология және энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жайы талқыланбақ. Сарапшылардың пікірінше, Орталық Азия елдерімен ынтымақтастықтың артуы - Қазақстан үшін өңіраралық қарым-қатынастардың дамуына оң ықпалын тигізбек.
Максим Споткай, ҚР Парламенті Сенатының аппарат жетекшісі:
- Орталық Азия елдері үшін өзекті мәселелер аз емес. Шынымен де су, әлеуметтік мәселелер бар. Саяси-экономикалық басқа да мәселелер. Дегенмен оларды шешу үшін тек үкімет, болмаса Мемлекет басшылары немесе қоғам ғана емес, депутаттар да бірге жұмыс істеуге дайын екенін көріп отырмыз.