Өнім қауіпсіздігін бақылау күшейтіледі
Қазақстандық нарықта брендтердің жалған көшірмелері көбейген. Мәселен, өткен жылы 65 миллион теңге тәркіленсе, биыл бұл көрсеткіш 10 есеге өскен.
Бұл туралы «Антиконтрафакт» халықаралық форумында Әділет министрі Азамат Есқараев айтты. Елордада өткен шараға Өзбекстан, Тәжікстан, Нигерия және Швейцарияның делегаттары қатысты. Одан бөлек, 500-ден астам маман авторлық құқық, зияткерлік меншік, цифрлық таңбалау және өнімді қадағалау мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар онлайн саудаға бақылауды күшейтіп, темекі мен алкоголь өнімдерінің заңсыз айналымын, контрафактілік фармацевтика мәселелерін шешу бойынша ұсыныстар айтылды.
Азамат Есқараев, ҚР Әділет министрі:
- 2030 жылға қарай контрафактілік тауарлардың әлемдік саудасы 1,79 триллион долларға жетеді, - деп болжануда. 2023 жылмен салыстырғанда, 75%-ға жоғары. Бұл мәселе бізде де бар. Көлеңкелі экономиканың осы секторы салық түсіміне барынша кері әсер етіп, қылмысты көбейтеді. Біз шетелдік серіктестермен бірлесіп, халықаралық форум аясындағы бірнеше шаралар әзірлейтін боламыз. Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде мәселелер қаралды.