Жерге қатысты заң талаптары күшейтіледі
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімін өзге елдің азаматтарына, қандастарға немесе шетелдікпен некелескен отандастарға берген мемлекеттік орган қызметкерлері бұдан былай жауапкершілікке тартылады. Оларға 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады. Ал жағдай қайталанса, әкімдік қызметкерлері одан екі есе көп айыппұл төлейді. Бұдан бөлек елді мекен аумағындағы жайылым жер ешкімнің меншігі болмауы керек. Егер әкімдік өкілі оны біреудің атына тіркеп берсе, тағы айыппұл арқалайды. Заңға тиісті өзгерістерді биыл енгізу көзделіп отыр. Сенаттың салалық комитеті құжат жобасымен таныстырды. Ал жоғары палатаның жалпы отырысына наурыз айының басында шығарылады. Жалпы құжатта жерге қатысты тағы бір өзгеріс бар.
Әбілхайыр Тамабек, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
-Әкімшілік құқықбұзушылық кодекстің 339 бабында жерді сатып алу мақсатымен қазып алу. Енді осы өзгеріс енгізді, жерді қазды, құнарлы қабатын сыдырып алды, бітті ол әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Бұл жерде шағын коммерциялық ұйымдарға 750 МРП, орта кәсіпорындарға мың МРП, егер де ірі кәсіпорын субъектілері болса, оларға 2 мың айлық есептік көрсеткіш.