Қазақстан Халық партиясының өкілдері СҚО-да екі бірдей кездесу өткізді
Кандидаттар алдымен Петропавл қаласының іргесіндегі ауылшаруашылық кешенінде болды. Кәсіпорын сүтті бағыттағы қара өсіруге дағдыланған. Мұнда тәулігіне 10 тонна өнім алынады. Толықтай автоматтандырылған фермада 50 адам еңбек етеді. Үгіт-насихат тобы жұмысшыларымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Облыс орталығында осыдан 2 жыл бұрын трансформатор зауыты ашылған. Кәсіпорындағы қызметкерлердің басым бөлігі жастар. Үміткерлер олармен де кездесіп тұғырнамасын түсіндірді. Құжатта қамтылған бағыттарға тоқталды.
Жұлдыз Елеманова, Қазақстан Халық партиясының мүшесі:
– Қазақстан Халық партиясының өкілдері мен жұмысшылар арасында ашық диалог болып өз сайлауалды бағдарламамызды таныстырдық. Негізі түрлі саланың өкілдерімен кездесу өткізілуде. Фермерлерде болдық, қазір өндірісте жүрміз. Алдағы күндері медицина, шағын және орта бизнес басқада еңбек ұжымдарын қамтитын боламыз.