Ақжолдықтар Абай облысына барды
Еліміз үшін экономикалық маңызы бар өндірістік кешен жұмысымен танысты. Сапар барысында партия өкілдері бірқатар жергілікті кәсіпорынды аралап, семейлік кәсіпкерлермен кездесті. Сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. Сондай-ақ тұқым өңдеу зауытындағы еңбек ұжымымен кездесу өткізді. Жұмысшылардың сұрақтарын тыңдап, пікірлерін ортаға салды. Сапар соңында кандидаттар автоқұрастыру зауытында болып, жұмысшыларға саяси науқанның мән-маңызын түсіндірді. Мұнда автобустар мен ірі жүк көліктері жинақталып, транспорт саласына дайын өнім күйінде шығарылады. 500-ге жуық адам жұмыс істейді.