Берік Біләловтің ісі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пікір білдірді
Солтүстік Қазақстан облысында қылмыстық атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін уақытша атқарған Берік Біләловтің ісі бойынша Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов пікір білдірді. Айта кетейік, генерал-майор Берік Біләлов алаяқтық жолмен ақша иемденген деген күдікке іліккен болатын.
Марат Ахметжанов, ҚР Ішкі істер министрі:
-Біләлов бойынша айтатын болсам, екі жыл бұрын біреуден қарызға ақша алған. Шағымданушы оны ақша алып, қайтармай қойды деп айыптап отыр. Қазір біз ІІМ-нің Өзіндік қауіпсіздік департаменті арызды сотқа дейінгі реестрге тіркедік. Тергеудің ашық болуы үшін біз істі Сыбайлас жемқорлық қызметіне жолдадық.