ҚХП 2 мың кездесу өткізді
Қазақстан Халық партиясы аймақтардағы сайлауалды үгіт-насихат жұмысын жалғастыруда. Ұйым төрағасы Ермұхамет Ертісбаев бастаған топ Павлодарда еңбек ұжымдарымен кездесті. Солардың бірі — күйдірілген мұнай коксын өндіретін зауыт. Жалпы саяси науқан басталғалы кандидаттар екі мыңнан астам осындай іс-шара өткізген. Бұл жиындарға 17 облыс пен республикалық маңызға ие 3 қаланың 600 мың тұрғыны қатысыпты. Үміткерлер оларға партияның бағдарламасын таныстырды. Сондай-ақ аймақтарды дамыту бойынша халықты толғандырған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-тілектерін тыңдады. Айта кетейік, Қазақстан Халық партиясынан Мәжіліс депутаттығына 66, ал мәслихаттардағы мандатқа 500-ге жуық үміткер ұсынылған.
Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ Төрағасы:
-Мен тұрған Павлодардағы мұнай коксын өндіретін кешен өңірдің, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда. Жұмысшылардың еңбек жағдайымен таныстық. Қаладағы басқа да бизнес өкілдері, қоғам белсенділерімен кездесіп түрлі ұсыныстар тыңдалды.