Хабар телеарнасы

«Ауыл» партиясының батыс аймақтардағы жұмыс сапары жалғасып жатыр

Кандидаттар Қобда ауданындағы «Әлия» патриоттық тәрбие беру орталығына барып, батыр қыздың рухына тағзым етті. Аудандағы аграрлық саланың жағдайымен танысып, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. 

Сондай-ақ Орал қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мемориалдық музейге соғып, Кеңес Одағы батыры туралы тың ақпарат алды. Қазақтан шыққан тұңғыш ұшқыш қыз Хиуаз Доспанова оқыған мектепте болды. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-технологиялық университетінің ұжымымен жүздесті. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасында өткен кездесуде саяси ұйымның тұғырнамасын түсіндірді. Қала іргесіндегі құс фабрикасы мен ет өңдеу цехының жұмысшыларымен кездесті. Партияның ендігі жұмыс сапары еліміздің оңтүстігінде жалғасады. Алматы, Түркістан және Қызылорда облыстарын қамту - жоспарда.