Хабар телеарнасы

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері дәрігерлермен кездесу өткізді

Саяси ұйым төрағасы елордадағы көпсалалы әлеуметтік-медициналық мекемелердің бірінде сайлауалды бағдарламаны таныстырып, сауалдарға жауап берді. Ақ халатты абзал жандар түйткілді мәселелерді көтеріп, олар бойынша ұсыныстарын айтты. Аталған мекемеде 60-қа жуық маман еңбек етеді. Жүздесу барысында партия белсенділері елде жүргізіліп жатқан саяси реформа төңірегінде ой бөлісіп, пікір алысты. Үгіт-насихат жұмыстарының аяқталуына аз уақыт қалды. Бұл ретте кестеге сай іс-шаралар қыза түсті. Байтақтықтар қазір 3 жарым мыңнан астам кездесу ұйымдастырды. Алдағы күндері республикалық штаб өкілдері оңтүстік өңірлерді аралауды жоспарлап отыр.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:
-Үгіт-насихат жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық штаб пен барлық аймақтағы штабтардың жұмысы бақылауда. Халықтың ынтасы сайлауға деген жоғары. Сайлаудан үлкен үміт күтіп отыр.