Хабар телеарнасы

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын Сыр елінде жалғастырды

Кандидаттар Ақжарма ауылына барды. Сырдария ауданына қарасты бұл елді мекенде күріш өсіріп, өңдейтін кәсіпорын бар. Қожалық мал шаруашылығымен де айналысады. Саяси ұйым өкілдері мекеме жұмысымен танысып, қызметкерлерімен әңгімелесті. Партияның тұғырнамасын түсіндірді. Одан соң, облыс орталығында сайлаушыларымен кездесіп, сұрақ-жауап форматында жиналыс өткізді. Кейін делегация мүшелері қаладағы жеке меншік мектептердің біріне барып, Наурыз мейрамы қарсаңында ұйымдастырылған мерекелік шараға қатысты. Оқушылар дайындаған көрмені тамашалады. Партияның ертеңгі жұмыс сапары Шымкент қаласында өтеді.

Наталья Мишукова, кәсіпкер
- Елімізді көтеру үшін, білім көтерілу керек. Білім көтерілген жағдайда барлық сала дамиды. Биылғы сайлаудың ерекшелігі өзім танитын мықты кісілер осы сайлауға қатысуда. Мен сол кісілерге даусымды беремін. Сайлау нәтижесінде жазылған бағдарламалар толық орындалса екен деген ойда.