Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты осындай үкім шығарды. Оған қаңтар оқиғасы кезінде мемлекетке опасыздық жасау, билікті күшпен басып алу, билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану баптары бойынша айып тағылған болатын. Сот процессі былтыр қарашада басталып іс «аса құпия» белгісімен қаралды. Кәрім Мәсімовке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасы шығарылды. Сондай-ақ ол сот шешімімен генерал шенінен және мемлекеттік наградаларынан айырылды.