Хабар телеарнасы

Сыбайлас жемқорлардан алынған қаржыға 72 мектеп салынады

Қазіргі уақытта білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 млрд теңге түсті. Үкімет қаражатты жұмсау бойынша тиісті қаулыны бекітті. 72 жобаға 106,7 млрд теңге бөлінеді. Оның 94,1 млрд теңгесі 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға жұмсалады. Қалғаны жаңа екі мектеп пен 200 орындық мектеп-интернат салуға бөлінеді. Үкіметтің есебінше, бұл жоспар үш ауысымды оқыту, апатты мектептер мен орын жетіспеушілігі мәселелерін шешуге айтарлықтай үлес қосады.