Премьер-Министр орта бизнес өкілдерімен кездесу өткізді
Жиынға Астана, Алматы және Шымкент қалаларының кәсіпкерлері қатысты. Әлихан Смайыловтың сөзінше, қазір мемлекет орта бизнестен зор үміт күтіп отыр. Олар бәсекеге қабілетті өнім шығаратын және кең ауқымды қызмет көрсететін өңдеуші сектордың қозғаушы күшіне әрі драйверіне айналуы тиіс. Ал ол үшін Үкімет тарапынан барлық қолдау көрсетіледі.