Хабар телеарнасы

Қазақстан орнықты даму мақсаттарының орындалу рейтингінде көрсеткіші төмендеп кеткен

Қазір 166 мемлекеттің ішінде 66-шы орынға тұрақтаппыз. Бұл туралы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев мәлім етті. БҰҰ 2015 жылы әлем елдері үшін ортақ негізгі 17 мақсатты белгілеген. Әр ел сонда қамтылған жұмыссыздық, білім беру, ауыз су, экологиялық ахуалды жақсарту сынды мәселелерде шешуі керек. Қазақстанда оның орындалуын бақылайтын Парламенттік комиссия құрылған. Бүгінгі жиын соның алғашқы отырысы. 

Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
-Соңғы жылдары елімізде бұл бағытта кейбір оң өзгерістер байқалады. Дегенмен Орнықты даму мақсаттарының әлемдік прогресс рейтингінде Қазақстанның позициясы төмендеп отыр. Біз шамамен 2020 жылғы деңгейге дейін төмендедік. Бұл елімізде ерекше назар аударуды қажет ететін жайттар бар екенін көрсетеді.