Хабар телеарнасы

Қарин: Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты

Саясат, экономика және идеология. Осы бағыттар біріккенде елімізді жүйелі жаңғыртуды көздейтін біртұтас бағдарламаға айналады. Бұл — Президенттің стратегиясы. Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин өзінің телеграм парақшасында қазіргі атқарылып жатқан реформаларға қатысты осылай деп пікір білдірді. Айтуынша саяси экономикалық қадамдармен қатар әлеуметтік-гуманитарлық реформалар да іске аса бастады. Оның айқын көрінісі Ұлттық қор балаларға, ауыл аманаты және заңсыз шетелге шығарылған активтерді қайтару болып табылады»,— деді. Ал жалпы бұл стратегиясының бастауы ретінде саяси жүйенің модернизациясын айтуға болады деп атап өтті. 

Цитата

Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік кеңесшісі:
Президент сайлауы жаңа саяси науқандар кезеңіне жол ашты. Соның нәтижесінде Парламенттің қос палатасының және мәслихаттың сайлауы өтіп, олардың құрамы едәуір жаңарды. Үш апта бұрын Қазақстанда алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы болды. Осылайша, еліміздің саяси жүйесін демократиялық жолмен өзгерту үдерісі үздіксіз жалғасып келеді.