Жолдау 2023: сарапшылар пікірі қандай
Жолдауға қатысты әр салаға жауапты басшылардың айтары қандай? Жаңа міндеттер мен тақырыптарға қатысты сарапшылар не дейді? Әріптесім Ердәулет Ыбырайұлы жолдауда сөз болған мәселелерді таразылау үшін сараптамалық орталықтан тікелей қосылымға шығуға әзір.
1-2 жылды былай қойғанда, 10-15 жылдап құзырлы мамандар тексере алмаған ірі кәсіпорындарды бақылауға жол ашып берді бұл Жолдау. Сарапшылар мекемелерге экологиялық мониторинг жүргізу бастамасына осындай баға беруде. Ол: «Қоршаған ортаның тазалығын, азаматтардың денсаулығын қорғауға жасалатын қадам», - дейді. Бұған қатысты нақты мысалдары да бар.
Азаматхан Әміртаев, эколог:
- Пайыз түрінде айту қиын. Бірақ міндетті түрде ол көп жақсылық алып келеді. Себебі бүгінге дейін үлкен мекемелерге аудит жасау тыйым салынған еді. Мысалы, Қазфосфаттың зауыты бар Жамбыл облысында. Ол жерге 15 жылда ешкім тексеруге кіре алмаған. Ол жерде қарасаңыз қаншама ауылдық округтер бар. Ауру күшейіп кеткен.
Жылдар бойы тиісті көңіл бөлінбей, тура бір індеттей тұрғындарды алаңдатып отырған тағы бір сұрақ жылыту орталықтарының жайы. Өткен қыста еліміздің жылу электр станцияларында қайта-қайта апат болды. Инфрақұрылымның әбден тозуы халықтың тұрмыс сапасына тікелей әсер етеді. Президент осыны айта келе «Үкімет оны шешу жолдарын анықтауға тиіс»,- деді. Басты сұрақ алдағы қысқа дайынбыз ба? Министр не дейді?
Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:
- Қысқа дайындық жоспарға сай жүргізілуде. Проблемалық нысандардың бәрі жылу маусымында іске қосылатын болады. Әкімдіктермен бірге бәрін бақылап отырмыз. Кестеден кешігу жоқ.
Ұлттың жаңа сапасын қалыптастыру еліміз үшін айрықша маңызды. Әрбір азаматымыз, әсіресе жастар ең жақсы қасиеттерді бойына сіңіруі қажет. Президент балаларға қарсы қылмысқа жол бермеу мәселесінде қозғады. Жолдаудан соң осыған қатысты Оқу-ағарту министрлігін сөзге тарттық. Айтуынша, буллингке жол бермеу мақсатында халықаралық тәжрибелерді зерделеп, Киви деген бағдарламаны бізге енгізуді көздеп отыр. Фин тәжрибесімен жақсы нәтижеге жетеміз деген ниетте.
Ғани Бейсембаев, ҚР Оқу-ағарту министрі:
- Киви деген бағдарлама. Ол өз кезегінде Фин мемлекетінде булингтің бірнеше есе азайуына алып келген. Сол бағдарламаны да біз өзіміздің білім саласына қолдануды жоспарлап отырмыз.
Қайырбек Арыстанбеков, Экономикалық саясат институтының директоры:
- Ең басты айтылған экономикалық болк бюджетаралық қатынастарды реттеу. Мысалы, біз білеміз 20 облыс үш қаланың үлес салмағы шамамен 30%. Ал республикалық бюджеттің үлес салмағы 70%. Яғни бізге бюджетті орталықсыздандыруға өту керек. Неге? Cебебі 20 облыстың жағдайын өздері жақсы біледі. Нені қаржыландыру керек, нені ұлғайту керек. Ал орталық бәрін біле бермейді. Сондықтан децентрализация деген осы.
Мемлекетаралық деңгейде кесете құрылса да кешігіп, кейде уәделескен мөлшерден аз берілетін су тапшылғыда осы жолғы жолдауда жеке сөз болды. Мәселені жаңа министрлік құру арқылы шешу көзделуде. Сарапшылар енді ведмоства құрамында су дипломаттары қалыптасады деп топшылауда. Жаңа технолгияларды қолдану сияқты сұрақтарды да сондағы мамандар үйлестіруге жауапты болады.