Сенат петиция жіберу мен қарау тәртібін бекітті
Енді eOtinish порталында арнайы бөлім болады. Барлық петиция сол жерде жарияланады. Егерде 10 жұмыс күні ішінде көтерілген мәселеге еліміздің 50 мың азаматы қол қоса, ол сұрақ Үкіметтік деңгейде қарауға алынады. Ал елді мекеннен жіберілген петициямен жұмыс жасау аудан әкімдігіне беріледі. Өңірлік деңгейдегі түйіткілдер көтерілгенде сол жердегі тұрғындардың 1 немесе 2%дауыс жинауына байланысты мәслихат пен облыстық әкімдіктің бақылауына алынуы тиіс. Заңда жазбаша үлгідегі петицияны қарау тәртібі де қамтылған.
Мәулен Әшімбаев, ҚР Парламенті Сенатының төрағасы:
- Мұндай жаңа нормалар алдағы уақытта қоғамның қажеттіліктерін барынша ескеруге мүмкіндік беруі тиіс. Осылайша халықтың көкейіндегі мәселелерді мемлекеттік органдарға тұрақты түрде жеткізудің заңдстырылған қосымша тетіктері қалыптасады. Бұл өз кезегінде азаматтарымыздың мемлекетік басқару институттарына деген сенімін арттырып, еліміздің дамуына оң ықпал етеді деп сенемін.