Сенат пен Мәжіліс депутаттары Өскеменге барды
Шығыстағы мәслихат депутаттары және өңірдің белсенді азаматтарымен жүздесіп, көшпелі кеңес құрды. Күн тәртібінде аса өзекті түйткіл – экология мәселесі. Жиналғандар ауаға шығарылатын зиянды қалдықтар мөлшерін азайту, заманауи экологиялық технологияларға көшу жөнінде бірқатар шара қолға алынса да, еліміз ауаның ластану рейтингінде, өкінішке қарай алдыңғы орындардың бірінде екенін атап өтті. Ауаның ластануы мен экологиялық ахуалды дәл анықтайтын, нормативтік әдістемелердің де ескіргені ескерілді. Көшпелі жиынға төрағалық еткен Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев орнықты даму мақсаттары аясындағы жұмыстарда үйлесімділік болуы үшін халықаралық тәжірибеге сүйену керектігін атап өтті.