Сергеев қоймасында су деңгейі көтерілді
Солтүстік Қазақстан облысындағы Сергеев су қоймасы бұрын-соңды болмаған межеге жетуі мүмкін. Соңғы ақпарат бойынша бөгеттің үстінен түсіп жатқан ағыс деңгейі 3 метр 75 сантиметр болған. Бұл Есіл өзенін бойлай орналасқан 30 ауыл мен Петропавлға қауіп төндіріп тұр. Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр қала маңындағы елді мекендерді аралап, бөгеттерді нығайту жұмыстарын көрді. Сондай-ақ халықты таза ауызсумен қамту кәсіпорнында болып, сорғы станцияларындағы қауіпсіздікті күшейтуді тапсырды. Қаладағы су торабынан 24 млн текше метр су жіберілді. Оны реттеу жұмыстарын Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бақылауға алды.