Қ. Тоқаев Иран Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады
Мемлекет басшысы Иран Ислам Республикасының Президенті Ибрахим Раисиге көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Керман қаласындағы лаңкестік шабуылдан жүздеген адамның қаза тапқаны және жарақат алғаны туралы суыт хабарды күйзеліспен қабыл алғанын атап өтті. Президент жеделхатта барша қазақстандықтардың атынан ирандық әріптесіне және күллі Иран халқына көңіл айтатынын жеткізді.