Хабар телеарнасы

Қазақ-қырғыз шекарасында жүк көліктері үшін қосымша өткізу бекеті ашылады

Алдағы уақытта қазақ-қырғыз шекарасында қосымша жүк көліктерін өткізу бекеті ашылуы мүмкін.

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов қырғызстандық әріптесі, әрі қырғыз елі Президент әкімшілігінің жетекшісі Ақылбек Жапаровпен келіссөздер жүргізді. Әлихан Смайылов атап өткендей, Қазақстан көрші елмен стратегиялық әріптестікті барлық бағыт бойынша қолдайды. Кездесуде қос Премьер сауда-экономикалық қатынастар, шекаралық көлік өткізу бекетін жеделдетіп салу, сондай-ақ су энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты да күшейту мәселелерін талқылады. 

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі: 
- Қырғызстан біз үшін стратегиялық әріптес. Бауырлас мемлекет. Елдеріміздің арасындағы сауда-экономикалық байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен жөн. Былтыр өзара сауда 12% өсіп, 1.3 млрд долларды құрады. Біз мемлекет басшылары белгілеп бергендей тауар айналымының көлемін 2 млрд долларға жеткізу жұмысын жалғастырудамыз.


Ақылбек Жапаров, Қырғыз республикасының премьер-министрі және Президент әкімшілігінің жетекшісі: 
– Біз Қазақстанмен өзара сенім мен түсіністікке негізделген келіссөздерді одан әрі тереңдетуге мүдделіміз.