Канвондода өткен Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына алғысхаттар табысталды
Үкімет басшысы Канвондода өткен IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғысхаттарын табыс етті. Олжас Бектенов әрбір спортшыны жеке құттықтап, бұл Қазақстанның мұндай сайыстағы алғашқы алтыны екенін атап өтті. Жалпы медаль саны бойынша еліміз әлемнің 78 елі арасында, 20-орынды иеленген еді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:
-Саңлақ спортшыларымыз мемлекетіміздің мерейін арттырып, абыройын асқақтатты. Біз оларды жас ұрпаққа үлгі етуіміз керек. Қазақстан сіздердің жеңістеріңізді мақтан тұтады. Жасөспірімдер Олимпиадасы - бұл жай ғана спорт емес, ең алдымен әлемнің түкпір-түкпірінен келген жас спортшылардың басын қосатын спорт алаңы.