Брюссельде Орталық Азия елдері мен Еуроодақ нені талқылады?
Брюссельде Орталық Азия елдері сыртқы істер министрлерінің орынбасарлары Еуропа сыртқы қатынастар қызметі Бас хатшысының орынбасарымен кездесті. Тараптар өңірлік қауіпсіздік жөнінде пікірмен бөлісті.
Қазақстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуроодақпен өзара әрекеттесу бойынша бастамаларды ұсынды. Ол Аралды құтқару халықаралық қорының төрағасы ретінде еліміз қай тұстарға басымдық беретініне тоқтап кетті.
Басқосуда тараптар сауда, көлік, экономикалық және энергетикалық ынтымақтастық аясын кеңейтуге арналған Орталық Азия мен Еуроодақтың бірлескен жол картасын талқыға салды.
Энрике Мора, Еуропа сыртқы қатынастар қызметі бас хатшысының орынбасары:
- Өңірдегі басты серіктесіміз - Қазақстанмен қатынастарымызды одан әрі нығайтқымыз келеді. Әсіресе энергетика сияқты салада – басты әріптесіміз. Қазақстан басшылығы да ынтымақтастыққа жан-жақты дайын, сондықтан болашақта қос тарапты одан әрі жақындастыратын жобаларды жүзеге асырамыз.