Хабар телеарнасы

Олжас Бектенов пен Юн Сок Ёль қазақ-корей жобаларын талқылады

Осы маңызды құжаттардың бір парасы туралы кетерінің алдында «таңғы шық елінің» басшысы еліміздің Премьер-министрімен де сөйлесті. Тараптап қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелерін талқылады. Сондай-ақ сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге, өнеркәсіп, энергетика, авиация және басқа да салалардағы өзара іс-қимылды күшейтуге назар аударды.

Қазақ Үкіметінің жұмысындағы басым бағыттардың бірі – өңдеу секторын дамыту. Бұл ретте Қазақстаның Оңтүстік Корея технологияларын қолдана отырып, электрокарларға арналған аккумуляторларды өндіруге қызығушылығы бар.

Олжас Бектенов автомобиль өнеркәсібіндегі ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және кадрлар даярлау маңыздылығына және Сеулдің оған мүдделі екенін атап өтті. Бұдан бөлек, қалдықтарды қайта өңдеу, металлургия бағытында ферроқорытпа, геология саласында сирек металлдарды өндіру ғана емес, бірлесе өңдеу мәселелері де талқыланды. Сутегі энергетикасын дамыту да қос тарап үшін перспективасы мол бағыт екені атап өтілді.