Хабар телеарнасы

Олжас Бектенов қытайлық CNPC компаниясының басшысымен кездесті

Үкімет басшысы Олжас Бектенов Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының басшысы Дай Хоулянмен кездесіп, энергетика саласындағы бірлескен жобаларды талқылады. Басқосуда Шымкент мұнай өңдеу зауытының өндірістік қуатын арттыру жайы сөз болды. Шикізатпен жеткілікті көлемде қамту мақсатында "Кеңқияқ – Атырау", "Кеңқияқ – Құмкөл" мұнай құбырларының өткізу қуатын кеңейту көзделіп отыр. Одан бөлек, газ саласындағы ынтымақтастықты арттыру жолдары пысықталды. Бұған дейін бірлескен жоба бойынша «Бейнеу – Бозой – Шымкент» газ құбыры табысты жүзеге асырылған.