Қазақ семсершілері әлемдік аренада топ жарды. Спорт жаңалықтары

  • 82
  • 31.07.2025, 18:38

Қазақ елінің семсершілерімен ендігі жерде әлем мықтылары санасады.

Грузияның Тбилиси қаласында өткен дүниежүзілік жарыста Қазақстан ерлер құрамасы тарихи жеңіске жетті. Руслан Құрбанов пен Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов пен Кирилл Проходов төрттігі қолаға қола жеткізді. Әттең жартылай финалда жапондарға жол беріп қойдық. Жігіттерге сәттілік серік болғанда, алтынның да ауылы алыс емес еді. Дегенмен қола жүлде үшін де жігіттер жанын салды. 

Нәтижесінде олимпиаданың 9 дүркін чемпионы француздарды 45-те 31 есебімен сан соқтырып кетті. Бұған дейін жекелей сында Руслан Құрбанов 2023 жылы қолаға қол созса, енді міне командалық сында жерлестеріміз тұңғыш рет әлемнің үшінші командасы атанып отыр.