Соның нәтижесінде халықаралық турнирлерде ел намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды. Қынжылтатыны ұлттық құрама сапына қаракөздер іліне алмады. Оның себебін түсіндіріп бере алатын мамандар жоқ.
Сонымен ел кубогы жолында оза шапқан Кристина Силаева мен Надежда Морозова және Инесса Шумакова мен Арина Ильященколар енді әлем кубогының кезеңдерінде Қазақстан атынан сынға түседі. Ал ерлер арасында Евгений Кошкин мен Артур Галиев және Никита Важениндер ел кубогына иелік етіпті. Мың метрде үздіктер қатарынан көрінген Алтай Жәрдембекұлы ұлттық құрамаға кірген жалғыз қазақ. Конькишілер енді Солт-Лейк-Сити мен Калгари және Херенвен мен Хамарда өтетін әлем кубогының кезеңдерінде сәтті өнер көрсетіп, Олимпиада ойындарына жолдама алуды көздейді.