Азия чемпионаты: Қазақстандық стенд атушылар 5 медаль жеңіп алды. Спорт жаңалықтары

  • 8
  • 16.01.2026, 21:40

Стенд атудан Қазақстан құрамасы Азия чемпионатында айтарлықтай табысқа қол жеткізді. Жерлестеріміз осы күнге дейін 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Әйелдер арасындағы скит сайысында Адель Садақбаева топ жарса, Ольга Хайлова қолаға қол созды. Сондай-ақ бұрымдыларымыз командалық сында биік тұғырдан көрініп, алтыннан алқа тақты. Ал ерлер арасында жекелей сында Эдуард Ещенко екінші орыннан көрінсе, одан бөлек осы скиттен ерлеріміз командалық жарыста үздік үштікті түйіндеді. Әзірге спортшыларымыздың қоржынында 5 медаль бар. 

Дохада өтіп жатқан Азия чемпионаты 22 қаңтарға дейін жалғасады.