Қысқы Олимпиада ойындарына дайындық қалай жүріп жатыр? Спорт жаңалықтары

  • 7
  • 27.01.2026, 21:44

Мәнерлеп сырғанаудан Қытай астанасы Бейжіңде төрт құрлық мықтыларының жарысы аяқталды. Осы сында ел намысын қорғаған Михаил Шайдоров екі бағдарламаның қортындысы бойынша 5-ші сатыға табан тіреді. Шайдаров қысқы Олимпиада ойындарында үміт артып отырған спортшыларымыздың бірі.   

Олимпиада қарсаңында

Ақ Олимпиадаға баратын спортшылар анықталды. Олардың басым көпшілігі Алматы мен Ақмола облысынан. Яғни осы өңірлер 6 жолдамадан алса, одан кейін Астана мен Шығыс Қазақстан  және Шымкент, Алматы облысы тұр. Бұл аймақтардан қысқы ойындарға 4 спортшыдан барады. Кереку өңірі 3 спортшы дайындаса, Қостанайдан 2 спортшы жолдамаға иелік етті. Ал Солтүстік Қазақстан мен Қарағанды және Абай облыстарынан бір-бір үміткер жарыс жолына шығады. Барлығы Италия жерінде 36 спортшы жарыс жолына шығады. Ұлттық құраманың дайындығына 13 млрд 300 млн теңге бөлінді. Бірақ жүлдеге ілінеді-ау деген спортшыларымыз саусақпен санарлық. Десе де барлық қатысушыларға сәттілік серік болсын дейміз. «Хабар» арнасы қысқы Олимпиада ойындарын тікелей эфирде көрсетеді.      

Меморандум жасалды

Биыл самбодан әскери қызметкерлер арасында әлем біріншілігі өтеді. СИЗМ аясында өтетін дүниежүзілік жарысқа дайындық қазірден басталып кетті.

Осы аптада ҚР Ішкі істер министрлігі еліміздегі спорттық және жауынгерлік самбо федерациясымен ынтымықтастық туралы меморандумға қол қойды. Енді осы келісім аясында мамандар бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Яғни оқу-жаттығу жиындарынан бастап жарыстардың жоғары деңгейде өтуін қадағалау, яғни спорттық нәтиежелерді жақсарту бағытында көптеген істер қолға алынатын болады. Жалпы министрлікте ел намысын абыроймен қорғап жүрген спортшылар бар. Алдағы уақытта сол спортшылардың дайындық деңгейін жоғарылатып, байрақты бәсекелерге бабында бару үшін федерация тарапынан барлық мүмкіндіктер қарастырылмақ. 

Әлемдік рейтинг жаңарды

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының соңғы кезеңі өтті. Жарыс қортындысы бойынша әлемдік рейтинг тізімі жаңартылды.

Қазақстандық спортшылар арасынан Надежда Морозова ең үздік көрсеткішке ие. Ол 3000 метрде бесіншң сатыда тұрса, 1500 метрде әлем рейтингіде алтыншы сатыға көтерілді. Тағы бір қазақстандық Кристина Силаева 500 метр қашықтықта жақсы нәтижелер тіркеп, маусым қорытындысы бойынша алдыңғы ондыққа кірді. Ал командалық сында, нақтырақ айтқанда, әйелдер арасындағы командалық із кесу сайысында ұлттық құрама сегізінші сатыға тұрақтады.

Ерлер арасында Евгений Кошкин 7-ші орыннан 11-ші сатыға сырғыды. Яғни соңғы әлем кубогының кезеңі Евгений үшін сәтсіз өтті деуге болады. Енді осы спортшылар бірер аптадан кейін Милан Олимпиадасында ел намысын қорғайды.