Астанада боччадан алғашқы жаттықтырушы Сұлтанбек Орынбасаровты еске алуға арналған ашық республикалық турнир аяқталды. Жарыс инклюзивті спорт орталығында өтіп, оған еліміздің 13 өңірінен 120-ға жуық параспортшы қатысты. Қатысушылар жеке, жұптық және командалық сайыстарда бақ сынады. Турнирдің жабылуы рәсіміне Парламент Сенатының төрағасы, Қазақстан бочча федерациясының Президенті Мәулен Әшімбаев қатысты. Ол ерекше қажеттілігі бар азаматтарды қолдау Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Бүгін сондай-ақ алғаш рет «Жұлдыздар турнирі» де ұйымдастырылды. Айта кету керек, 19 наурызда бочча спорты туралы «Ерекше»деп аталатын фильм экранға жол тартады.