Шымкентте мергендер жарысы мәреге жетті

  • 25
  • 06.03.2026, 21:51

Шымкентте «Алтын мерген» деп аталатын байрақты бәсеке ұйымдастырылып, бұл сынға Ресей мен Беларусь, Қырғызстан мен Тәжікстан және Өзбекстан еліміздің сұрмергендері қатысты. 200-ге жуық спортшы бір апта бойы тапанша және винтовкамен нысана көздеп, құралайды көзге атқан нағыз мергендер олжалы болды. Жерлестеріміз жалпы командалық есепте ешкімге дес бермеді. Қыз-жігіттеріміз 12 алтын, 10 күміс, 10 қола жүлде жеңіп алды. Атап айтсақ, апалы-сіңілі Зухра және Фатима Ирназарова, Елизавета Безрукова мен София Шульженко, Асадбек Назырқұлов пен Никита Шахторин сондай-ақ Ринат Казаченколар ең үздік нәтиже тіркеп, жеңімпаз атанды. Екінші орыннан Беларусь мергендері көрінсе, Ресейліктер үштікке табан тіреді. «Бұл жарыстар спортшыларымыздың шеберлігін шыңдап, тәжірибе жинауына жақсы мүмкіндік», - дейді мамандар.